Қазақстанда тағы бір адамды соққыға жығу оқиғасы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда тұрғын үйдің алдында ер адамның екінші адамды соққығы жыққан сәті видеоға түсіп қалды. Кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үйдің алдында ер адамның екінші адамды соққығы жыққан сәті видеоға түсіп қалды. Кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған кадрларда қара футболка киген ер адамның жерде жатқан адамның басынан теуіп, кейін таяққа ұқсас затпен ұра бастағаны көрінеді. Жәбірленуші айқайлап, еңбектеп қашуға тырысады, бірақ нәтиже болмайды.

Оның айқайына тұрғын үйден екі ер адам шығады. Олардың бірі араша түсуге тырысқанда, оғанда шабуыл жасалады, артынан егде адамның басына бірнеше соққы тиеді.

Алматы Полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілгенін хабарлады.

"35 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ол таныс адамдармен жанжал болғанын айтты. Арыз жазудан бас тартты", – деп хабарлады ведомство.

Полиция күдіктілер анықталғанын, олардың әрекеттеріне заңға сәйкес баға беріліп, тиісті шаралар қолданылатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети