Қазақстанда тағы бір елді мекен ішімдіктен бас тартты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір елді мекен ішімдіктен бас тартты Фото:depositphotos.com

Ақмола облысының Далабай ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының Далабай ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Жарқайың ауданының Далабай ауылында ауыл тұрғындарының кездесуі өтъкен. Іс-шараның негізгі тақырыбы ауыл аумағында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту болды.

"Бұл бастама ауыл ақсақалдарының қолдауына ие болып, олар моральдық құндылықтарды, қоғамдық тәртіп пен өсіп келе жатқан ұрпақтың қауіпсіздігін сақтау маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар дені сау және қауіпсіз орта құруға деген ұмтылысты бекіткен хаттамаға қол қойды", - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, мұндай бастамалар Қазақстанның түрлі өңірлерінде іске асырылып жатыр.

"Кейбір өңірлерде соңғы бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, бұл өз кезегінде аталған бастамалардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке оң әсерін көрсетеді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети