Қазақстанда тағы бір құжатты цифрлық нұсқада алуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір құжатты цифрлық нұсқада алуға болады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда тағы бір құжаттың цифрлық нұсқасы шықты. Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір құжаттың цифрлық нұсқасы шықты. Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толыққан. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді.

"Биылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim сервисіне өту керек, мұнда "Менің балаларым" бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады", - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Еске салайық, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында Bilim жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course down  582.47  course down  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети