Қазақстанда тағы бір маңызды медициналық қызмет тегін болады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір маңызды медициналық қызмет тегін болады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда тағы бір маңызды медициналық қызмет тегін болады, яғни мемлекеттік кепілдік берілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетіне енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір маңызды медициналық қызмет тегін болады, яғни мемлекеттік кепілдік берілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетіне енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры Айгүл Қасымованың айтуынша, екінші жартыжылдықтан бастап онкоскринингтерді кезең-кезеңімен ТМККК жүйесіне көшіру жоспарланып отыр, бұл оларды барлық мақсатты топтар үшін қолжетімді етеді.

"Қолға алынған шараларды ескере отырып, скринингтердің тиімділігі едәуір артады деп күтіледі. Жаңа тәсілдер ауруларды ерте анықтауға, өлім-жітімді азайтуға және алдын алуға негізделген, халықтың ұзақ мерзімді денсаулығына бағытталған денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді", – деді Қасымова ОКҚ брифингінде.

Кейінірек Денсаулық сақтау министрлігі бұл бұйрық биылғы қыркүйекте күшіне енетінін нақтылады. Осылайша, онкологиялық скринингтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінен ТМККК-ға ауысып, қазақстандықтар үшін тегін болады. Яғни, онкологиялық тексерістен өту үшін енді сақтандыру қажет емес, бұл процедураны жай ғана емханада жоспарлы тексеру аясында өтуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети