Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлап, Қазақстанда республика соттарының сот отырысын тікелей эфирде өткізу тәжірибесі жалғасып жатқаны атап өтілді.

"Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).

Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Сот отырысы Алматы ҚМАС-та бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіледі (трансляция сілтемесі қосымша беріледі).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети