Қарағанды қаласында коронавирус жұқтырған екі адам анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды қаласында коронавирус жұқтырған екі адам анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 наурыз сағат 21:00-дегі мәлімет бойынша Қарағанды қаласында індетке шалдыққан тағы екі адам тіркелді. Осылайша, елімізде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 111 адамға жетті.
"Нұр-Сұлтанда – 61, Алматыда – 40, Қарағандыда - 4, Шымкентте – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам", - делінген хабарламада.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 7 мың қазақстандық карантинде жатыр. Ал 2 науқас коронавирустан жазылды.
Сонымен қатар, бүгін індеттен алғашқы адам өлімі тіркелді.
Айта кетейік, осыған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам жауапқа тартылғанын, коронавирустан жазылған екі науқас туралы ақпарат бере алмайтынын, қазақстандықтарға екі түрлі жәрдемақы төленетінін, енді оқушылар сабақты 30 минут оқитынын хабарлады.
Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы кейбір депутаттардың бүгін неге жұмысқа шықпағанын, елімізде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы мақұлданғанын жазғанбыз.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.