2014 жылдың соңына дейін "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы Астана - Қызылорда, Астана - Өскемен, Алматы - Өскемен бағыты бойынша үш жүрдек пойызды іске қосады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мұның алдында ұлттық компания екі жүрдек пойызды іске қосқан болатын. 2 маусымнан бастап Астана - Шымкент, 1 тамыздан бастап, Алматы - Ақтөбе пойыздары жолаушылар тасымалдай бастады. Пойыздар "Тұлпар-Тальго" зауытының вагондарынан құрылды.
Хабарламада көрсетілгендей, жалпы биылғы сегіз айда Ұлттық тасымалдаушы 13,6 миллион жолаушыны діттеген жерлеріне жеткізген, оның ішінде жаз маусымының 3 айында ғана (маусым-тамыз) 5,9 миллион (немесе 43 пайыз) жолаушыны тасымалдады, бұл көрсеткіш өткен жылдың жаз айындағы көрсеткішінен 27 мың жолаушыға артық. Бұл ретте жазғы маусымда (маусым-тамыз айларында) жүрдек пойыздарда 298 мың жолаушы тасымалданды.
Айта кетер жайт, халықаралық бағыттардағы пойыздарда билетті сатып алу уақытына байланысты (45 немесе 15 тәулік) 10 және 30 пайыздық жеңілдіктер, жүрдек пойыздарда вагон санаттарына сай («Гранд», «Бизнес») 10 пайыздан 25 пайызға дейінгі жеңілдіктер енгізілді.