Қазақстанда тамызда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Қазгидромет" РМК синоптиктері тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік өңірлеріндегі ауа райы салыстырмалы түрде салқын болады және Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып басталады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді, солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Айдың басында, елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Алайда, бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуымен жылы ауа массалары шығарылады, бұл температураның көтерілуіне әкеледі. Осылайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр: түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін.

"Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының тұрақсыз болуына әкеледі. Дегенмен, суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С болады, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжанып отыр. Жаздың соңғы айындағы ауа райына күз мезгілі әсер етеді", - делінген хабарламада.

Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда аязға дейін, күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer