Қазақстанда тәтті сататын ірі сатушы тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тәтті сататын ірі сатушы тексеріліп жатыр Фото:depositphotos.com

Павлодар облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "КДВ Қазақстан" ЖШС-ге қатысты үстемдігін асыра пайдалану белгілері бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "КДВ Қазақстан" ЖШС-ге қатысты үстемдігін асыра пайдалану белгілері бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, компания қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде мекеменің тауарларға әртүрлі баға қойғаны анықталған.

"Кондитерлік өнімдерді сату келісімшартына түрлі баға мен талап қолданған. Мұндай деректер антимонополиялық заңнама бұзылғанын көрсетуі мүмкін. Бұған дейін монополияға қарсы орган "КДВ Қазақстан" ЖШС-не қатысты анықталған заңбұзушылық белгілерін ерікті түрде жою туралы хабарлама жолдады. Ол орындалмаған соң тергеу жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында компания әрекетіне құқықтық баға берілмек.

KDV Group - тағамдар, кондитерлік өнімдер, тұздықтар және басқа да өнімдер шығаратын Ресейдегі ең ірі азық-түлік холдингтерінің бірі.

Қазақстандағы "КВД Казахстан" филиалы ("KDV Казахстан" ЖШС) "Яшкино", Babyfox, O'zera, Calve, Nina Farina және басқа да өнімдерді сатады.

Ресейлік KDV Group азық-түлік холдингін кәсіпкер Денис Штенгелов құрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети