Қорғаныс министрлігі Президент теле-радио кешенімен бірлесіп "Тәуелсіз еліміз құтты болсын!" флешмобын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғаныс министрлігі Президент теле-радио кешенімен бірлесіп "Тәуелсіз еліміз құтты болсын!" флешмобын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Флешмоб Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Бірінші роликте Ескендір Хасанғалиевтің әйгілі "Атамекен" әні бар.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі эстафетаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне тапсырады.
Видеоның толық нұсқасын мына жерден көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуді тапсырған болатын.
Мемлекет басшысы осынау айтулы тарихи күнді тойлау кезінде әбігерге, ысырапқа жол бермеу керектігін, әрбір оқиғаны ел игілігі үшін нақты қадамдармен байланыстыру керектігін айтқан. Экономика, әлеуметтік сала, білім және ғылым салаларында жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланып жатыр.
"Бүкіл елді қамтитын ауқымды шараларды өткізу кезінде нақты көзқарас пен нақты ұстанымдар болуы керек. Әсіресе, барлық аймақтар орталықпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін, сіздердің басшылыққа алатынын ескеру қажет. 30-Тәуелсіздіктің мерейтойы кезекті күндердің бірі емес, біз бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.
1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңын қабылдады. 2021 жылы еліміз басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнінің, Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетінің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!