Қазақстанда таяу күндері қарлы боран болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанда таяу күндері қарлы боран болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Мамандардың мәліметінше, Орал аймағында қалыптасқан атлантикалық циклон Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында да сезіледі. Сондықтан да кей жерлерде 3 градусқа дейін күн жылынады. Бұл қалыпты нормадан 5-10 градусқа жоғары.
"24-26 желтоқсан аралығында циклон Батыс Сібір арқылы шығысқа қарай жылжиды. Оның алғашында жылы, кейін суық ауа әкелетін атмосфералық фронтынан қарлы боран болып, көру мүмкіндігі 200-500 метрге дейін нашарлайды, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетіп, көктайғақ болады", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.