02 ақпан 2022 | 13:03

Қазақстанда тегін азық-түлік картасын енгізу ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақылар мен төлемдерді инфляциядан жоғары индекстеу, сондай-ақ табысы төмен отбасылар үшін азық-түлік картасын енгізу қажет екені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақылар мен төлемдерді инфляциядан жоғары индекстеу, сондай-ақ табысы төмен отбасылар үшін азық-түлік картасын енгізу қажет екені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресми статистика бойынша былтыр инфляция 8,4 пайыз болды. Нақты инфляция әлдеқайда жоғары. Алдаудың қажеті жоқ. Коммуналдық қызмет үшін төлемдер қазақстандықтардың бұрынғы дәуірге оралуға деген ықыласын тудыруда. Егер сіз дүкендердегі бағаларды қарасаңыз, қарақұмық жармасын қарақұмық уылдырығы, ал тауық жұмыртқаларын Фаберже жұмыртқалары деп атауларын ауыстырудың уақыты келген сияқты. Ұлттық банктің сауалнамасы бойынша халықтың 58 пайызы баға 16-20 және одан да көп пайызға өсті деп есептейді", - деді Жамалов ҚР премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалда.

Ол Үкімет 180 күн мерзімге сұйытылған газдың, бензиннің және дизельдің бағаларын реттеуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бағаны реттеуді, 180 күн мерзімге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізгенін еске салды.

"Бүгінде әлемде инфляцияға азық-түлік тауарлары негізгі үлес қосады. Қазақстан алдағы уақытта да қымбаттайтын азық-түлік өнімдерінің импортына әлі де тәуелді. Қазақстандағы азық-түлік тауарларының импорты 3 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл инфляцияның тап сол көлемдегі сөзсіз импортын білдіреді.

Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін біз осы тауарларды Қазақстанда өндіруді және шығаруды жолға қоюымыз қажет. Бірақ қазірдің өзінде халықты бағаның өсуінен қорғау бойынша шұғыл шаралар қажет", - деп есептейді депутат.

Қазақстандағы инфляцияның өсу мәселесін шешудің бірінші пункті ретінде Аманжан Жамалов зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуді ұсынды.

"Мұндай индекстеу ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы арқылы мүмкін. Бұл әлеуметтік осал санаттар үшін негізгі тауарлар мен қызметтердің қымбаттауының орнын толтыруға мүмкіндік береді. Яғни, базалық зейнетақылар, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларға арналған жәрдемақылар, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге арналған жәрдемақылар мөлшері, атаулы көмектің көлемі ұлғаяды. Жалпы, бұл үш миллион қазақстандыққа қатысты болады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін 20 пайызға, яғни 43 221 теңгеге дейін арттыру үшін шамамен 600 миллиард теңге қажет болады. Бұл қаражатты дивидендтерді ұлғайту және квазимемлекеттік секторға арналған шығыстарды оңтайландыру есебінен, жекешелендіруден және басқа да бюджеттік түсімдерден түсетін қаражат есебінен іздестіруге болады", - дейді Парламент мүшесі.

Оның айтуынша, бірінші кезекте табысы төмен отбасыларға азық-түлік карталарын енгізуді қарастыру қажет.

"Статистикаға сәйкес, табысы отбасының әр мүшесіне 25 мың теңгеден төмен отбасылар аз қамтылған отбасыларға жатады. Халықтың мұндай санаты үшін уақытша, экономика тұрақтанғанға дейін қазақстандық азық-түлік өнімдерін сатып алуға болатын тегін азық-түлік карталарын енгізуді қарастыру қажет. Оларды енгізуді цифрлық әлеуметтік әмиянды енгізуге байланыстыру қажет", - деді Жамалов.

Сонымен қатар, ол көптеген адамдар азық-түлік карталарын сынға алып, оны "КСРО-ға оралу" дейтінін айтты.

"Бірақ азық-түлік карталары көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ-та әлеуметтік қолдаудың маңызды құралы саналады. Ресейде халықтың кедей топтары үшін азық-түлік талондарын енгізу пысықталып жатыр", - деп түйіндеді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети