07 наурыз 2023 | 15:37

Қазақстанда техникалық төлқұжаты жоқ көліктерді заңдастыру ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда техникалық төлқұжаты мен көлік құралының төлқұжаты (ПТС) жоқ көліктерді заңдастыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда техникалық төлқұжаты мен көлік құралының төлқұжаты (ПТС) жоқ көліктерді заңдастыру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінетін автокөліктерді тіркеу ережелері мен шарттарына өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын әзірледі. Мұндай көлік құралдарын әкелген жеке тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатылады.

Қазіргі уақытта автокөлікті заңдастыру үшін өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының төлқұжаты немесе көлік құралының тіркеу куәлігі, сондай-ақ автокөлікке меншік құқығын растайтын құжат қажет.

Шешімге сәйкес, комитет бар болған жағдайда тек төлқұжат пен тіркеу куәлігін қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл тіркеу құжаттары жоғалған жағдайда автокөлікті заңдастыру процедурасын жеңілдету үшін қажет.

Құралған және қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктерге қатысты да өзгерістер бар. Көлік құралының кедендік ресімдеуден өткені туралы мәліметтер болмаған және ол ізделмеген жағдайда, бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшерін қолдануға жол беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети