Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды бір күнге тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды бір күнге тоқтатады

19 қарашада телеарнада хабар тарату тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" АО сайтына сілтеме жасап


19 қарашада телеарнада хабар тарату тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" АО сайтына сілтеме жасап

Ведомство мәліметінше, сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналог эфирлік желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети