Қазақстанда темекі қаншалықты қымбаттауы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда темекі қаншалықты қымбаттауы мүмкін? Фото: elements.envato.com

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылға дейін темекі 300-350 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылға дейін темекі 300-350 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер Жамаубаевтан темекі мен құрамында қант бар сусындарға акциздер енгізу туралы сұрады.

"2024 жылға дейін тауарларға ставканы көтеруді жоспарлап отырмыз, бұл 35 еуро, шамамен 1000 данаға 16 мың теңгеге жуық шығады. Есептеп, мыңға бөліп, 20 данаға бөлуге болады, сонда қорап темекі үшін шамамен 300-350 теңге алынады", - деп жауап берді ол.

Оның сөзінше, Үкіметте құрамында қант бар сусындар туралы шешімге қатысты талқылаулар жүріп жатыр.

"Ставка бойынша ымыраға келсек, қажет болған жағдайда міндетті түрде айтамыз, Парламентке барамыз. Біз үшін тепе-теңдікті сақтау маңызды, бір жағынан - ұлт денсаулығы, екінші жағынан - кәсіпорындар зардап шекпеуі керек. Өйткені мұнымен акциздер есебінен салық төлейтін ШОБ айналысады, екінші жағынан, бұл бюджеттің мүддесі. Осының бәрін теңгеретін боламыз", - деп қорытындылады Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети