Қазақстанда темекі контрабандасы тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда темекі контрабандасы тоқтатылды Фото:depositphotos.com

Көлік прокуратурасы мен кеден органдарының тексерулері кезінде құны ондаған миллион теңге болатын заңсыз экспортқа жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік прокуратурасы мен кеден органдарының тексерулері кезінде құны ондаған миллион теңге болатын заңсыз экспортқа жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында "Морпорт" кеден бекетінде контейнер тексерілген, онда Ираннан келген қоқыс жәшіктерін желеу етіп, контрабандалық жолмен әкелінген Oris – темекілерінің үлкен партиясы жасырылған, жалпы құны 85,9 миллион теңге болатын 226 мыңнан астам қорап. Бұл факт бойынша экономикалық контрабанда (ҚР ҚК-нің 234-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Сол сияқты, Жетісу облысындағы "Алтынкөл-Жол" бекетінде жеңіл панельдер атын жамылған құны 87 миллион теңге болатын 400 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды. Жүк Польшаға жеткізілмек болған.

Түркістан облысында 17 көлікпен шекарадан өтпек болған 413 тонна ағашты заңсыз экспорттауға жол берілмеді. Қылмыскерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети