Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді © nesam.net.ua

Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеген 94 сайт шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті 2016 жылы Есіл ауданының сотына Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 48-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы 18 талап-арыз жолдаған", - делінген хабарламада. 

Осы санаттағы азаматтық істер аудандық сотта каралып, талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарылған. Кодекстің 54-бабына сәйкес, Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы осы істерге прокурордың қатысуын қамтамасыз етіп, тиісті қорытынды беріліпті.

Азаматтық істерді қарау нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін, терроризм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген нысанын үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметіне шектеу қойылған. Шешім заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети