Қазақстанда TikTok бұғатталмайды, бірақ талаптар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда TikTok бұғатталмайды, бірақ талаптар бар Фото:depositphotos.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстандағы TikTok платформасы елдің талаптарына сай болса бұғатталмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстандағы TikTok платформасы елдің талаптарына сай болса бұғатталмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның қандай талаптар екенін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әбдіқалықов түсіндіріп берді. Оның айтуынша, заңсыз контент немесе жеке деректердің сыртқа шығуы анықталса, платформа бұғатталуы мүмкін.

Руслан Әбдіқалықов ғаламтордағы заңсыз контентті қадағалап, ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты екенін де атап өтті.

"Бізге еліміздің азаматтарынан TikTok платформасында жеке мәліметтерді тарату фактілері туралы бірде-бір шағым түскен жоқ. Егер біз мұндай фактілерді анықтасақ, тиісінше, бірінші кезекте TikTok әкімшілігімен тікелей байланысамыз. Екіншіден, байланыс туралы заңнамаға сәйкес егер біздің келіссөзіміз сәтсіз болса, ал олар бұйрық шығарып қойса, біз өз әріптестерімізге жүгінеміз. Егер қандай да бір платформа біздің еліміздің заңды талаптарын орындаудан бас тартса, біз оның қолданысын шектеуге мәжбүр боламыз. Бұл тек TikTok-қа ғана қатысты емес, кез келген платформаға қатысты", - деді Әбдіқалықов.

Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті де Telegram Қазақстанда өз кеңсесін ашып, ресми өкілді тағайындауды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети