Ұлттық банк Қазақстанда шетелдіктерге төлем картасын беру талаптарын күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк Қазақстанда шетелдіктерге төлем картасын беру талаптарын күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк төлем карточкаларын шығару қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан аумағында оларды пайдалана отырып операцияларға қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді.
Жаңа ережелерге сәйкес, банктер төлем картасын пайдалана отырып ақша аудару бойынша төлем қызметтерін көрсетпес бұрын мына тәуекелдер туралы ескертуі керек:
- үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне байланысты ықтимал тәуекелдер;
- үшінші тұлғалардың, оның ішінде өзін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлері ретінде таныстыратын тұлғалардың ықпалымен (өтініштері бойынша) ақша аударуға байланысты тәуекелдер;
- ақшаны алушының бастамасы бойынша (шешімі бойывнша) немесе сот шешімі бойынша операцияны тоқтату және ақшаны қайтару мүмкіндігі.
Микроқаржы ұйымдары клиенттерге төлем карточкалары бойынша микрокредиттер беру кезінде несие сомасы қарыз алушыға аударылатын жеке арнайы корпоративтік төлем картасын пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ, банк рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарына қарсы іс-қимыл процесін автоматтандыратын жүйені немесе бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалануы тиіс.
Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!