Қазақстанда төлемдердің жаңа санаты пайда болды: бұйрыққа қол қойылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда төлемдердің жаңа санаты пайда болды: бұйрыққа қол қойылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ІІМ ішкі істер органдары әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларына түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ ішкі істер органдары әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларына түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа қағидаларда, жаңа 8-1-параграфы пайда болды, онда былай делінген:

"Әскери қызметшіге (мерзімді әскери қызметтің қызметшісін, әскери оқу орнынының курсантын және кадетін, әскери жиындарға шақырылған әскри міндеттіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні қоспағанда) далалық төлемдер уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен, тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстары төленбестен, тәулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады".

2025 жылы 1,2 АЕК – 4 718 теңге. Осылайша аталған санаттағы әскери қызметшілер "далада" өткізген әрбір тәулік үшін далалық төлем алатын болады.

Далалық төлемдер әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) командирінің (бастықтың) далалық шығуды өткізу туралы бұйрығы негізінде төленеді. Бұл ретте төлем далалық шығу аяқтағаннан кейін және әскери қызметші әскери қызмет өткеру орнына оралғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бұйрықта далалық шығу кезеңі, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын қызметі көрсетілген әскери қызметшілердің тізімі жазылады.

Министрдің бұйрығының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады. Ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 4 қазаннан бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети