Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда бірнеше жаңа су қоймасы салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бірнеше жаңа су қоймасы салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 4 жаңа су қоймасы салынып, 4 жұмыс істеп тұрған су қоймасы қайта жаңартылады. Сондай-ақ 115 каналға реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде Астана су қоймасын толтыру жобасы да бар.

"Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астанада жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін қажетті құжаттарды әзірлеу және оларды басқа мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Сонымен қатар, Ислам даму банкінің гранты аясында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты елдегі су және өзен бассейндерін зерттеу, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ескерту жүйелерін енгізу мүмкіндігін бағалау және "Қазсушар" кәсіпорнын техникалық жарақтандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети