07 наурыз 2014 | 12:58

Қазақстанда төрт мың әйел ХҚКО-нан жүргізуші куәлігін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Жыл басынан бастап Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-нан 4000 әйел жүргізуші куәліктерін алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап. "Жылдың басынан бастап 15 мыңнан астам қазақстандықтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәліктерін алды, олардың төрттен бір бөлігін әйелдер құрап отыр", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Қарағанды, Алматы, Ақтау, Астана және Тараз қалаларында қызмет етуде. 2014 жылы Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Талдықорған, ал 2015 жылы Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал және Шымкент қалаларында мамандандырылған ХҚКО-ын іске қосу жоспарланып отыр. Ведомоствоның мәліметінше, бизнес-процестерді автоматтандыру, мемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін сәйкестендірудің арқасында практикалық және теориялық емтихан тапсыруды есепке алғанда, жүргізуші куәлігін алуға орташа есеппен 2 сағат уақыт кетеді. Ал автокөлік құралын тіркеу/қайта тіркеу кезінде агрегаттарды салыстыруды Орталықтың аумағында өткізу нәтижесінде автокөлік құралын 1,5 сағатта тіркеуге мүмкіндік бар. Мамандандырылған ХҚКО-ында міндеттерді бөлісу қолға алынған: ХҚКО қызметкерлері тек құжаттарды қабылдаумен ғана айналысады, ал көші-қон полициясының қызметкерлері көлік құралдарын тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін әзірлеу үдерісіне тартылған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети