Қазақстанда төтенше жағдай енгізіле ме? Цой жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда төтенше жағдай енгізіле ме? Цой жауап берді Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимін енгізу қаралып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені Мемлекет басшысы енгізіп, мемлекеттік комиссия қабылдайды", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, негізгі шарт бойынша елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқанда ТЖ режимі енгізіледі.

"Осылайша денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме түскен кезде қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданады", - деді ол.

Қазақстанда тағы бір санаттағы тұрғындарға вакцина тегін болады.

Айта кетейік, бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2 853 жаңа жағдай анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети