Қазақстанда цемент импортына тыйым алып тасталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда цемент импортына тыйым алып тасталуы мүмкін

Қазақстанда үшінші елдерден цемент импортына тыйым алып тасталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда үшінші елдерден цемент импортына тыйым алып тасталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшінші елдерден цемент импортына тыйым салу туралы бұрын енгізілген бұйрықтың күшін жоюды қарастырып жатыр. Аталған бұйрық отандық цемент өндірушілерді қолдау және қосымша жүктеу мақсатында алты ай мерзімге енгізілген болатын", - делінген хабарламада.

ИИДМ деректері бойынша, зауыттарда цементтің (М400, М450, М500 маркалы) орташа бағасы маркасына қарай тоннасына 21-23 мың теңге шегінде, ҚҚС-мен 22,4 мың теңге. Нарықтағы цементтің қымбаттауы дилерлер мен алыпсатарлардың алыпсатарлық әрекеттерімен байланысты.

"Бүгінгі таңда министрлік құрылыс материалдары бағасының одан әрі негізсіз өсуін болдырмау, өндірушілер мен жеткізушілер арасында сөз байласу мен алыпсатарлыққа жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тексеру жүргізу және шаралар қабылдау үшін ресми хат жолдады.

Осыған байланысты Министрлік цемент өндірушілерге ірі құрылыс компанияларымен және бетон өндірушілермен тікелей жұмыс істеуге кеңес береді", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Өндірушілер тарапынан цемент бағасы негізсіз жоғарылаған жағдайда, қазақстандықтар ИИДМ-ге мына нөмір бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 75 49 09 - Индустриялық даму комитеті құрылыс индустриясы басқармасының басшысы Андаков Мұхамед Задинович.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов кейбір елде арматура, цемент және негізгі құрылыс материалдарының бағасы 70 пайызға дейін өскенін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети