29 қыркүйек 2016 17:51

Қазақстанда тұңғыш рет АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдар үшін дәрілік заттарды сатып алу ЮНИСЕФ арқылы жүзеге асырылатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ДСӘД © ҚР ДСӘД

Антиретровирусты препараттарды ЮНИСЕФ-тің жеткізу бөлімі арқылы бірыңғай сатып алу дәрілік заттардың қолжетімділігін кеңейтеді, деп мәлімдеді "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Серікбол Мусинов Астанада меморандумға қол қою барысында. Бұл туралы премьер-министрдің сайты хабарлады.
 
Айта кетер болсақ, "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Серікбол Мусинов пен Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы Юрий Оксамитный 2017 жылға арналған АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдар үшін дәрілік заттарды сатып алу бойынша Меморандумға қол қойды. Оның аясында бірыңғай дистрибьютор сомасы 1 миллард теңгеден астам медициналық препараттарды сатып алатын болады.

"Антиретровирусты препараттарды ЮНИСЕФ-тің жеткізу бөлімі арқылы бірыңғай сатып алу бірден бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, дәрілік заттардың қолжетімділігі артады, екіншіден, бұл – препараттардың сапасы және олардың сатып алу бағасының арзан болуы", - деп атап айтты Серікбол Мусинов.

Осылайша, бюджет қаражаты айтарлықтай үнемделеді. Пациенттерге дәрілер тегін берілетін болады.

ЮНИСЕФ-тің жеткізу бөлімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сапаның, қауіпсіздік пен тиімділіктің жүйеленген стандарттарына сай медициналық препараттарды алуға мүмкіндік беру мақсатында жасалған алдын ала біліктіліктің іріктеу бағдарламасына қатысады.

Естеріңізге салсақ, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының нысаналы көрсеткіштерінің бірі - 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстап тұру. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеу кез келген азаматқа қолжетімді және мемлекеттің қаражаты арқылы жүзеге асырылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети