Жоғарғы сот мерзімінен бұрын шартты босату ережелерін жеңілдететін қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды 24.kz.
Жоғарғы сот мерзімінен бұрын шартты босату ережелерін жеңілдететін қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа заңнамада сотталғандар санатының бірқатарына (жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, зейнеткерлер, жалғыз басты әкелер және тағы да басқа) шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін неғұрлым жеңіл жағдайлар көзделген. Сонымен қатар, бұл жеңілдіктерді қолдану үшін сотталған адам жазасының белгілі бір бөлігін өтеп, қылмыстан келген шығынды төлеуі тиіс.
Сарапшылардың айтуынша, бұл жеңілдіктер Қазақстанға түрме зорлық-зомбылығы индексі бойынша көшбасында тұрған 50 елдің қатарынан шығуға көмектеседі.
ҚР Әділет министрлігі Сот сараптама орталығының директоры Исидор Борчашвилидің мәлімдеуінше, егер сотталушы қылмыс категориясына байланысты жазасын өтеп, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтырса, онда ол адам соттың қарауынсыз босатылуы тиіс. "Ол міндетті түрде босатылуы тиіс. Бұл өте қызықты. Бұл өте үдемелі норма", - деді ол.