Қазақстанда тұтынушылық несие беру: не өзгереді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тұтынушылық несие беру: не өзгереді? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда тұтынушылық несиелерді беру қатаңдатылып жатыр: банктер мен микроқаржы ұйымдары енді қарыз алушылардың тек несие тарихын ғана емес, олардың қаржылық мінез-құлқын да бағалайтын болады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбілқасымованың айтуынша, қарыз алушыларға қатысты мінез-құлықтық қадағалау енгізілді: банктер мен микроқаржы ұйымдары клиенттердің қаржылық мінез-құлқын бағалауы тиіс.

"Ұйымдарға айтып отырмыз: олар өздерінің жоғары тәуекелді қарыз алушыларын бағалауы керек. Тек қана қарыз жүктемесі коэффициентіне (ҚЖК) қарамауы тиіс. Бұрын тек табыстың 50 пайызына тең ҚЖК-ге ғана сүйенетінбіз. Соның салдарынан олар осы ҚЖК-ге сыйып кету үшін несие мерзімін ұзартып келген", – деп түсіндірді агенттік төрағасы бүгін Мәжілісте.

Бұдан бөлек, банктерде 30 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар немесе микроқаржы ұйымдарында (МҚҰ) тіпті 1 күндік мерзімі өткен қарызы бар қазақстандықтар енді жаңа несие ала алмайды. Бұл ереже тамыздан бастап күшіне енді.

ҚНРДА басшысының айтуынша, кепілсіз 5 жылдан артық мерзімге несие беруге тыйым салынды, ал 3–5 жылға берілетін қарыздар енді жоғары тәуекелділер санатына жатады. Қаржылық жағдайын түзеп, тұрақты табысы бар азаматтарға шектеулер алынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети