25 қыркүйек 2015 11:42

Қазақстанда түйе етінен жасалған шұжық 2016 жылы сатыла бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстандық ғалымдар түйенің етінен жасалған шұшық шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Tech garden fest 2015 стартапы аясында ұйымдастырылған көрме кезінде сарапшы Жасын Ұзақов айтып берді. Түйе етінен жасалған тағам өнімдерінің төрт түрі бар, олардың құрамындағы ет мөлшері әртүрлі.

Ұзақов барлық өнімнің "халал" стандартына сәйкес екенін айтты. Оны қосымша өңдеусіз тұтына беруге болады. "Сергек" шұжығына біз жылқы еті мен құйрық май қостық. "Қуат" шұжығында түйе еті мен қойдың құйрық майы бар. Ал "Сарбаз" тек түйе етінен жасалған. "Номад тағамы" да түйе етінен жасалған, тек қысылып байланған", - деді сарапшы.

"Сергек" шұжығы.

"Қуат" шұжығы.

Ғалым өнімді шығару үшін ресейлік әріптестерімен бірге екі жылға жуық жұмыс жасағандарын айтты. 2016 жылы нарыққа шығатын өнімнің бағасы түйе етінің нарықтағы құнына тәуелді болмақ.

"Сарбаз" және "Қуат".

"Номад тағамы".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети