Қазақстанда уақыт белдеуінің өзгеруі: электр энергиясын тұтыну қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры:depositphotos.com

Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты электр энергиясын тұтыну қалай өзгерді? Бұл туралы энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты электр энергиясын тұтыну қалай өзгерді? Бұл туралы энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер вице-министрден кей өңірде сағат өзгергеннен кейін қараңғы тез түсетінін ескерсе, қазақстандықтар электр энергиясын көбірек тұтына бастады ма деген сұрақ қойды.

"Жүйелік оператор - KEGOC компаниясы бұл мәселені уақыт ауысқанға дейін қарастырған. Олардың мәліметі бойынша, электр энергиясын тұтынудың өзгеру диапазоны тұтынудың 1-2 пайызы болады, оның ішінде ең жоғары кезеңді қосқанда да. Менің ойымша, олар дәл сандарды ұсынады", - деп түсіндірді Есімханов.

Оның айтуынша, электр энергиясына деген сұраныстың артуына байланысты қазақстандықтар тарапынан ешқандай шағым немесе өтініш түспеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети