20 маусым 2017 | 09:53

Қазақстанда ҰБТ басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда мектеп түлектеріне жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мектеп түлектеріне жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өткізіледі. Биылғы тестілеу алғаш рет жаңа форматта өтеді. Мектеп түлектері тесттерді 165 ҰБТ өткізу пунктінде тапсырады.

Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде тест тапсыратын түлектерге Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келді. Ол балаларға сәттілік пен сенімділік тіледі.

"Сұрақтар оңай, барлығына күштеріңіз жетеді, маңыздысы сабырлы болу, алаңдамау және барлық сұраққа дұрыс жауап беруге тырысу. Уақыттарыңыз бар", - деді министр тестілеу алдында.

ҰБТ-ға бірінші болып кіргендер мөрленген қорапты министрмен бірге салтанатпен ашты. Тестілеу дәптерлері аса құпия сақталған, мөрленген қорап та аса ыждаһаттылықпен тексерілген. Мөрленген қорапты ашуға үш түлек шақыртылып, олардан ашу кезінде мөрдің бүлінбей тұрғаны туралы қолхат алынды.

"Жақсы дайындалдым, қазір аса қатты алаңдап тұрған жоқпын. Биология мен химия пәндерін таңдадым - медакадемияға түскім келеді", - деді тестілеуге бірінші ағыммен кірген Ақниет. 

Емтихан мен ҰБТ сұрақтары жайлы ол қандай тапсырма келсе де бәрібір екенін, бастысы жақсы көрсеткіш болғанын қалайтынын айтты. 

Тест дәптерлері бар қораптар ашылғаннан кейін кабинетке ешкім де кіре алмады. Университет ауласында тақымын қысқан ата-аналар тұр.  

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту барысын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік туып отыр. Ол үшін www.ivideon.com/tv/map бұлтты қызмет көрсету сайтына кіру қажет. ҰБТ өткізу пункттері Қазақстан картасында көрсетілген, яғни қажетті аудиторияның камерасын оның географиялық орналасуымен тауып алуға болады.

Айта кетейік, ҰБТ 5 пән бойынша тапсырылады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (20 тапсырмадан, шекті деңгейі - әр пәннен кемінде 5 баллдан) және таңдалған мамандыққа сәйкес 2 бейінді пәннен (30 тапсырмадан, шекті деңгейі 15 баллдан кем болмауы тиіс). 120 тесттік тапсырма бойынша түлек максималды 140 балл алуы мүмкін. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут уақыт бөлінеді. 

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, арыз жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының (131 377) 71 пайызын құрап отыр. ҰБТ тапсыруға ниетті 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618 - орыс тілінде тапсырады. ҰБТ 165 тапсыру пунктінің 1431 аудиториясында өткізіледі. Бұл аудиториялар байланыс сигналдарын бөгейтін құрылғылармен, металл детекторларымен, ҰБТ барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ Интернет арқылы онлайн тарату камераларымен жабдықталған.

Ата-аналарға ыңғайлы жағдай қамтамасыз ету мақсатында 108 пункттегі ҰБТ барысы мониторға шығарылып, көрсетіледі. Әдеттегідей, ҰБТ өткізу орындарында медициналық қызмет пен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп, ауыз су және тағам өнімдерін сату орындары қызмет көрсетеді.

ҰБТ белгіленген тәртіп бойынша өткізілуі мен ережелердің орындалуын қадағалау үшін тестілеу өткізілетін пункттерге ҚР БҒМ тарапынан ЖОО (75 пайыз) және колледждердің (25 пайыз) оқытушылары жіберілді. Ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін ел өңірлерінде жергілікті ЖОО-ның, білім бөлімдерінің, әкімшіліктердің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен құралған мемлекеттік комиссияларды құру қолға алынды. 

ҚР БҒМ бұйрығымен тесттік тапсырмалар мен техникалық ақаулықтар жөніндегі апелляциялық арыздарды қарастыратын Республикалық апелляциялық комиссиямен қатар, жер-жерде апелляциялық комиссиялар кұрылды. Тәртіп бұрыңғыдай: апелляциялық арыздар ҰБТ нәтижелері жарияланнан кейінгі күннің сағ 13.00-не дейін қабылданып, бір күнтізбелік күн ішінде қарастырылады. 

ҚР БҒМ тестілеуге сапалы дайындық жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасап отыр. Үйреншікті түрде, яғни қағаз беттерінде қабылданып келген сынақтық тестілеумен қатар, биылғы жылдың басынан онлайн-тестілеуден өту мүмкіндігі ашылды. Ал маусым айынан бастап бұл қызмет үшін ақы төлеу интернет-банкинг арқылы жүргізу мүмкіндігі (кез келген банк картасы арқылы, комиссиясыз).

Айта кетейік, емтихан материалдары құпиялықты қамтамасыз ету нұсқаулығының қатаң талаптарымен, 99 мың дана таралыммен басылып, буылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети