Қазақстанда ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл оқушысына пәтер сыйға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл оқушысына пәтер сыйға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылғы ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған түлек – Түркістан облысының тұрғыны Жәнібек Әбілхан.

Бұған дейін Жәнібек Әбілхан білім алған оқу орталығы 140 балл жинаған түлекке пәтер сыйлайтынын мәлімдеген. Бүгін орталық өкілдері мектеп бітірушіге пәтер сертификатын табыстағаны белгілі болды.

Орталықтың мәліметінше, пәтер Жәнібек оқуға түсетін қаладан сатып алынады.

Жоғары нәтиже көрсеткені үшін Жәнібекке iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және өзге де бағалы сыйлықтар берілген.

Жәнібек Әбілхан – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауылда орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Ол көпбалалы отбасынан шыққан.

Жәнібек ҰБТ-да бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған және биыл Қазақстанда ең алғашқы болып ең жоғары – 140 балл жинаған оқушы атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети