Қазақстанда ұл балаларға жаңа вакцинаға рұқсат етілмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұл балаларға жаңа вакцинаға рұқсат етілмек Фото:depositphotos.com

Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе алуға рұқсат етілетін азаматтар тізімі кеңеюі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе алуға рұқсат етілетін азаматтар тізімі кеңеюі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында министрден болашақта 18 жастағы қазақстандық қыздар АПВ-ға қарсы екпе ала ала ма деген сұрақ қойылды. Қазіргі уақытта жас шегі – 11 жас.

"Бүгінде бұл мәселе депутаттар арасында да, халық арасында да көтеріліп отыр – екпені тек қыздарға ғана емес, ұлдарға да егу туралы. Жас шектеуін кеңейту жөнінде ұсыныстар бар. Халықаралық тәжірибе бойынша бүгінде 9 жастан бастап екпе егіледі. Сіздің 18 жастан бастау туралы ұсынысыңыз да қазіргі уақытта қаралып жатыр. Менің ойымша, бұл өте қисынды және дұрыс", – деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, министр АПВ-ға қарсы екпені алуды қалаған адамдар үшін ақылы түрде алу мүмкіндігі де қарастырылып жатқанын айтты.

"Ересек адамдар тарапынан да осындай сұраныстар бар. Республикалық бюджеттен былтыр және биыл нақты контингентке – 11 жастағы қыздарға – қаржы бөлінді. Сондықтан одан жоғары жасқа, жынысына қарамастан, қосымша қаражат немесе қосымша талдау қажет. Бұл мәселе жұмыс барысында", – деп түсіндірді Әлназарова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети