Қазақстанда үлескерлердің қаражаттарын мақсатты пайдалануды бақылау ұйымы құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда үлескерлердің қаражаттарын мақсатты пайдалануды бақылау ұйымы құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігі үлескерлер үшін де, инвесторлар үшін де құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететіндігін айтып өтті.
Жеңіс Қасымбек 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасына сәйкес, "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ базасында құрылысқа үлескерлікпен қатысушыларға қаржылық тұрақтылық, тәжірибе жинаудың біліктілік талаптарын ұсынатын және инжинирингтік компаниялар арқылы үлескерлердің қаражаттарын мақсатты пайдалануына бақылау жүргізетін арнайы мамандандырылған ұйым құру жоспарда бар екендігін жеткізді.
Министр осы орайда 2016 жылдың 7 сәуірінде "Тұрғын үй құрылысына үлескерлікпен қатысу туралы" ҚР Заңы қабылданғанын айтып өтті. Мұнда ҚР Үкіметінің құзыретіне тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын анықтау жатқызылған. Сондай-ақ, Қасымбек аталған заңның ағымдағы жылдың 10 қазанында күшіне енетінін хабарлады.
"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігі үлескерлер үшін де, инвесторлар үшін де құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді: құрылыс саласының ашықтығы арттырылады, құрылыс салушылар мен үлескерлердің үлескерлік құрылысы нарығына кіруінің ережелері және құрылыс салушылардың үлескерлердің мүддесуін бұзбау туралы жауапкершіліктері бекітілетін болады", - деді министр.
Оның мәлімдеуінше, 2016-2018 жылдар аралығында үлескерлік құрылысты қоса алғанда жылына шамамен 1,2 млн шаршы метр коммерциялық тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Сонымен қатар, пәтердің орташа аумағы 80 шаршы метрді құрайды, үлескерлердің болжамды саны шамамен 15 мың адамды құрайтын болады.
"Министрліктің ағымдағы жылға бөлген 10 млрд теңгесі толығымен игерілді және "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ жарғылық капиталының ұлғаюымен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-на аударылды", - деді Жеңіс Қасымбек.
Бұдан өзге, министр "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы барлық жоспарланған жобалардың уақытылы іске асып жатқандығын және олардың министрліктің басты міндеттері екендігін айтып өтті.