23 шілде 2024 | 12:47

Қазақстанда Ұлттық банк арнайы операция жүргізіп жатқаны рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашу, сондай-ақ қызметтік куәліктерді қолдан жасауға байланысты жаңа алаяқтық схемалар пайда болғаны туралы хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашу, сондай-ақ қызметтік куәліктерді қолдан жасауға байланысты жаңа алаяқтық схемалар пайда болғаны туралы хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтар WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде немесе ВКонтакте, Одноклассники, Facebook әлеуметтік желілерінде Қазақстан Ұлттық банкі басшылығының атынан жалған аккаунттар ашып, сол арқылы жаппай фишинг хабарламалар таратып жатқаны айтылды.

"Одан бөлек, олар өздерін Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкеріміз деп таныстырып, жалған қызметтік куәлік жолдайды, қоңырауды бөтен адамдарға жалғап, банк аударымдарына арналған реквизиттер мен жалған қаржы құжаттарын көрсетеді.

Құқық қорғау органдарының немесе "Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерінің" атынан алаяқтар бұл схемаларды қаржы мекемелеріндегі "алаяқтарды ұстау", "арнайы органдардың жедел тексеру жүргізуі", сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен "арнайы операциясы" деген сылтаумен жүзеге асыруы мүмкін екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарды тексерілмеген аккаунттарға және күмәнді телефон қоңырауларына сенбеуге, жеке мәліметтерін жария етпеуге, күмәнді сілтемелерге кірмеуге, бөтен адамдардың нұсқауы бойынша HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және басқа да бағдарламаларды орнатпауға шақырады. Себебі алаяқтар интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізге кіріп, ақшаңызды шоттан шығарып алуы мүмкін.

"Қазақстан Ұлттық банкі жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске салады.

Егер, сіз немесе танысыңыз алаяқтарға тап болса, арыз жазып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети