Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды 02 маусым 2014, 10:18

ҰБТ жақын арадағы жеті күн ішінде 155 пунктте өткізіледі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

ҰБТ-ның алғашқы күні. ©Тұрар Қазанғапов ҰБТ-ның алғашқы күні. ©Тұрар Қазанғапов

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші күні тестілеу 61 пунктте жүргізіледі, оған 27 670 түлек қатысады. 2-8 маусым аралығында барлығы 92 077 мектеп бітіруші тест тапсырады. Астанада емтихан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің және Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасында өтіп жатыр. Еуразия ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев тест тапсырушыларға сәттілік тіледі.

"Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, ол - түлектердің өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі, өйткені олар жоғарғы оқу орнына түсу сынағымен біріктірілген қорытынды емтихан тапсырады. ҰБТ жақын арадағы жеті күн ішінде 155 пунктте өткізіледі, "Алтын белгіден" үміті бар түлектердің қатары - 4490", - деді вице-министр. Балықбаевтың айтуынша, астаналық мектеп бітірушілер жыл сайын ҰБТ-да жақсы нәтижелерге жетіп жүр, мысалы, 2013 жылы республика бойынша орташа көрсеткіш 74,5 болса, астаналықтар 81,5 ұпай жинады.

 


Join Telegram