30 наурыз 2015 | 17:52

Қазақстанда Ұлттық киім күнін белгілеу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Facebook.com ©Facebook.com

Қазақстанда Ұлттық киім күнін белгілеу ұсынылды. Бұл идея туралы тарихшы, жазушы, Ұлы дала мәдениетінің насихаттаушысы Арман Нұрмұханбетов Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Ұлттық киім күнін белгілеу ұсынылды. Бұл идея туралы тарихшы, жазушы, Ұлы дала мәдениетінің насихаттаушысы Арман Нұрмұханбетов Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Ол еріктілер тобымен бірге әлеуметтік желілерде өз идеясын насихаттайтын топтар ашты. Нұрмұханбетов бұл күні қазақтың дәстүрлі киімін немесе оның заманауи үлгілерін киюді ұсынып отыр. Еріктілер мұның өте әдемі болатынына және патриоттық сезімді оятатынына сенімді. Сонымен қатар, идея авторы бұл бастаманың отандық жеңіл өнеркәсіп пен туризмнің дамуына үлес қосатынын айтады. 

"Ұлы дала стилі бүкіл әлемнің сәніне айтарлықтай әсер етті", - дейді Арман Нұрмұханбетов, - Біздің ата-бабаларымыз шалбар мен биік өкшелі аяқ киімді, бүгінде сәнді бофорттар мен етіктерді ойлап тауып, әлемге таратқан. Сақ жыртқышының стилі, кафтандар, бешпенттер (сүртік) - мұның барлығы бір кездерде ең сәнді әрі беделді киім болған, оны Қытайдан Францияға дейінгі халықтар киді. Ата-бабаларымыз сәнді деп тауып, мақтанышпен киген киімді біз неге киюге ұяламыз? Біз қазақстандықтарға "Бұл мерекені қай күні өткізген жөн?" деген сұрақ қойдық, мұндай әсердің болатынын өзіміз де күтпедік", - деді ол.  

Еріктілер ата-бабамыздың киімін сәнге айналдырудың қолдан келетін іс екенін айтады. Ол үшін ең болмағанда жылдың бір күнінде ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы киіп келген киімін кию керек. "Бүкіл ел бір күнде сәукеле мен шапан немесе оның заманауи түріндегі нұсқаларын (қазақша оюлары бар) кию керек, бұл керемет көрініс болмақ, бұдан біздің елді шетелде сыйлайтын болады, одан кейін шетел туристері ағылып келе бастайды. Мұнымен қатар, жеке шеберлерге ерекше киім тіктіруге тапсырыстар түседі, жалпы жеңіл өнеркәсіп дамиды. Мұның барлығы да Қазақстан экономикасына оң әсерін береді", - деді ол.

Нұрмұханбетовтың айтуынша, қазақтың ұлттық киімі күнін жұмыс күніне белгілеу керек - мәселен, сәуірге, мамырға немесе қыркүйекке. "Біз қазақстандықтарға ата-бабаларымыздың киімін сәуірдің, мамырдың немесе қыркүйектің соңғы жұмасында киюді ұсынамыз. Халық қалай шешсе, солай болады. Сән мен ұлылықтың жалпыхалықтық мерекесі болатынына сенімдіміз", - деді Нұрмұханбетов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети