04 маусым 2015 | 14:00

Қазақстанда үш аграрлық университет бірыңғай ғылыми орталыққа бірігеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Flickr.com ©Flickr.com

Қазақстанда үш аграрлық университет бірыңғай ғылыми орталыққа бірігеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің барысында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда үш аграрлық университет бірыңғай ғылыми орталыққа бірігеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің барысында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің елімізде үш аграрлық университет бар. Олар бірігіп, бірыңғай ғылыми-білім беру орталығына айналуы үшін жарлық бердім. Бұл мәселе созылып кетті. Орталықтың мақсаты қолданбалы ғылымның, кадрларды дайындаудың, заманауи технологияны енгізудің проблемаларын шешу болады. Біз Қазақстанда таяудағы 5 жылда аграрлық саладағы өңірлік жетекші зерттеу және білім беру орталығын құру үшін халықаралық үздік серіктестерді тартуды ойлап отырмыз. Бұл бүкіл өңірге және посткеңестік кеңістікке тәжірибе болар еді. Үкімет бұл шешімдерді қабылдауы керек", - деді Назарбаев.

Қазақстан Президенті республикадағы аграрлық өндірістің дамуына үлес қосып отырған шетел компанияларына алғыс айтты. "Алматы облысында "Филипп Моррис" компаниясы" агробизнес орталығын жасап жатыр, онда фермерлер ауыл шаруашылығы мәдениетін жетілдірудің, жерді тамшы жолымен суарудың және тыңайтуды қолданудың жаңа технологиясын оқып жатыр. Осындай жобалар біздің мемлекетіміздің зор қолдауына ие болады", - деді Мемдекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети