Қазақстанда үш судья жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда үш судья жазаланды Фото ©️ Турар Казангапов

Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасы жеті судьяға қатысты тәртіптік істерді қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасы жеті судьяға қатысты тәртіптік істерді қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыста қарау нәтижелері бойынша, заңдылықты елеулі бұзғаны үшін үш судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бір судья ескерту алды, екеуі қызметінен босатылды.

"Төрт судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды. Оның ішінде: тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты – 1, тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты – 1, судьяның өз еркімен қызметтен босатылуына байланысты – 2 судья", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы бір судьяның өтініші қанағаттандырылмады.

Аталған шешімдер әлі заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жазаға тартылған судьялар оларды Жоғарғы сот кеңесінде қайта қарауға құқылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети