Қазақстанда ұялы байланыстағы ақаулар жойылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұялы байланыстағы ақаулар жойылды

Kcell/Activ қызметтерінің жұмысы толық қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kcell/Activ қызметтерінің жұмысы толық қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана және басқа қалалардағы абоненттер Kcell және Activ қызметтерін пайдалана алады деп хабарланды.

"Сағат 10:00-де Астанада және басқа да бірқатар қалада Kcell/Activ абоненттері үшін деректерді беру қызметінің жұмысы толығымен қалпына келтірілді", - деді компания өкілдері.

Компания техникалық ақаудан зардап шеккендердің бәріне 10 гигабайт көлемінде бонустық интернет-трафик берілетінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін елорда тұрғындары әлеуметтік желіде байланыс пен желіге қосылу мүмкін емес екенін айтып шағымданған болатын. Мұндай мәселелер Қарағандыда да байқалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети