Қазақстанда ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа көмек көрсеткен шетелдік ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа көмек көрсеткен шетелдік ұсталды Көрнекі сурет: gov.kz

Түркістан облысының аумағында ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа көмек келтірген күдікті шетел азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының аумағында ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа көмек келтірген күдікті шетел азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаяқтықпен айналысқан алаяқтардың қылмыстық тобына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында.

Қазақстан шекарасын өту кезінде "Капланбек" шекара пунктінде "SIM-box" құрылғысын жеткізіп жүрген қылмыстық топ сыбайласы - көрші шетелдің азаматы ұстады. Құрылғы алаяқтарға біздің тұрғындармен әртүрлі отандық мобильді нөмірлер арқылы байланысуға және олардың іздерін жасыруға мүмкіндік берген.

Қазіргі уақытта шетел азаматының өзге де қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпараттар ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети