28 маусым 2021 | 13:22

Қазақстанда вакцина қауіпті ауруды қоздыратыны туралы фейк тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Telegram чаттарында АҚШ-тың Ауруларды бақылау әне алдын алу орталығы COVID-19-ға қарсы вакцина миокардит пен перикардит қаупін 200 есеге арттырады деген қорытындыға келді деген хабарлама тарап жатыр. Хабарлама авторының айтуынша, қорытынды ведомствоның ресми сайтында есепте жарияланған. Шын мәнінде құжатта мұндай ештеңе айтылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Telegram чаттарында АҚШ-тың Ауруларды бақылау әне алдын алу орталығы COVID-19-ға қарсы вакцина миокардит пен перикардит қаупін 200 есеге арттырады деген қорытындыға келді деген хабарлама тарап жатыр. Хабарлама авторының айтуынша, қорытынды ведомствоның ресми сайтында есепте жарияланған. Шын мәнінде құжатта мұндай ештеңе айтылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тағы ресми мәліметтерге сәйкес, 177 миллионнан аса адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды. Осы жылдың 21 сәуіріндегі жағдай бойынша вакцинаның болжамды жанама әсерлері туралы өз бетінше хабарлауға мүмкіндік беретін VAERS жүйесіне миокардитке немесе перикардитке байланысты 616 өтініш келіп түскен. Олардың 393-і тексеру қорытындысы бойынша шынайы және қандай да бір түрде вакцина алумен байланысты болып шықты. Бұл көрсеткіштер вакцина салдырған адамдар арасында миокардит пен перикардиттің дамуы сирек кездесетін құбылыс екенін және екпе салдырғандардың шамамен 0,2 пайызында дамитынын көрсетеді.

Алайда мамандар миокардит пен перикардиттің даму жағдайларын зерттеуде. Қазақстандықтар Telegram-да талқылап жатқан құжат осы проблемаға арналған және АҚШ-тың иммундау практикасы жөніндегі Консультативтік комитетінің мамандарымен әзірленген.

Құжаттағы кестелер мен статистикалық мәліметтер вакцина салдырған және вакцина алмаған адамдар арасында миокардит пен перикардиттің даму жағдайлары салыстырылмайды. Вакцинация кезінде миокардиттің даму қаупі 200 пайызға өсетіні туралы деректер есепте жоқ.

Кестелер мен графиктерде VAERS жүйесінің деректері пайдаланылған, ал есеп авторлары вакциналау мен аурудың арасында себеп-салдар байланыс болмауы мүмкін екенін айтады.

Графиктерде вакцинаның бірінші және екінші дозасын алғаннан кейінгі өтініштер санын, ерлер мен әйелдерде жағымсыз реакциялардың даму жиілігін және вакцина салдырған адамдар арасында миокардиттің пайда болу табиғаты мен себептері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін басқа деректер ұсынылған.

Қорытындыда алынған нәтижелер клиникалық зерттеу мәліметтеріне сәйкес келеді делінген. Миокардит жас ерлер мен жасөспірімдерде вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін жиі дамиды. Симптомдар вакциналаудан кейінгі алғашқы төрт күнде пайда болады.

Сондай-ақ, есепте миокардиттің дамуы туралы хабарлаған адамдардың басым бөлігі айығып шыққаны айтылған. Кейбіреулері дәрігерлердің бақылауында. Өлім-жітім тіркелмеген.

Миокардиттің дамуы сирек кездесетіндіктен, CDC әлі де 12 жастан асқан барлық адамдарға COVID-19-ға қарсы вакцина алуға кеңес береді.
Тарап жатқан есеп вакцина салдырған адамдарда миокардит пен перикардиттің даму қаупі вакцинаны алмағандарға қарағанда 200 есе жоғары екенін дәлелдемейді. Құжатта мұндай статистика жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети