Қазақстанда 679 709 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап.
Қазақстанда 679 709 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша ең көп екпе салдырған Алматы тұрғындары - 131 631 адам.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы облысы екінші орында. Онда вакцинаның бірінші компонентін 90 мыңнан аса тұрғын алды. Олардың 11 мыңға жуығы "Спутник V"-ның екінші компонентін салдырды.
Үшінші орында Шымкент қаласы тұр, мұнда 60 мыңға жуық тұрғын вакцинацияланды.
Нұр-Сұлтанда CAVID-19-ға қарсы вакцинаны 57 мыңнан аса адам салдырды, олардың 10 мыңы вакцинаның екінші компонентін алып үлгерді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!