Қазақстанда вакцинация бойынша тексеріс қашан басталады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда ұйымдар қызметкерлерінің екпе статусын тексеру қашан басталатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда ұйымдар қызметкерлерінің екпе статусын тексеру қашан басталатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын еске салды. Жаңа пункттер арнайы бақылау парақтарына енгізіледі. Вакцинация төлқұжаты болмауы, кейінгі 7 күнде ПТР-тесті болмауы немесе вакцинациядан босатылғаны туралы медициналық анықтама болмауы өрескел заңбұзушылыққа жатқызылады.

"Бірлескен бұйрық бекітілгеннен кейін ұйым қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізіледі. Бұған дейін Кәсіпкерлік кодекстің 143-бабы 3-тармағына сәйкес тексеру жүргізуге негіз болмағандықтан, тексерулер жүргізілмеген", - деді комитеттегілер.

Бірлескен бұйрықтың жобасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен үкіметтік емес ұйымдардың қарауына және келісіміне жіберілді.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 20 қазанға дейін жалғасады.

Кәсіпкерлер палатасы бұған дейін заң жобасын қабылдау азаматтардың вакцинациялауға еркін жоққа шығарады, сонымен қатар кәсіпкерлерге айыппұл салынады деп алаңдаушылық білдірген. Олардың айтуынша, құжат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына меншік нысанына, қызмет түрі мен кәсіп санатына қарамастан кез келген жұмыс берушіге Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша айыппұлдар салуға құқық береді.

Ережеге сәйкес жұмысшылар вакцина салдыруы немесе вакцинациядан босатылғаны туралы медициналық анықтама алуы керек. Вакцина салдырмаған қызметкерлер апта сайын ПТР ақылы тексеруден өтуі қажет. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, жұмысшылардың өздері немесе олардың жұмыс берушілері ПТР-сынақтарға ақы төлеуге мәжбүр болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro