Қазақстанда валюталардың ресми бағамын белгілеу ережелері өзгереді

Қазақстанда валюталардың ресми бағамын белгілеу ережелері өзгереді Фото:depositphotos.com

Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің шет ел валюталарына шаққандағы ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің шет ел валюталарына шаққандағы ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Реттеушінің мәліметінше, құжат қолданыстағы нормаларды жаңартылған заңнамаға, соның ішінде Конституцияға, Салық және Цифрлық кодекстерге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заңға сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

Негізгі жаңалықтардың бірі - теңгенің ресми бағамы белгіленетін шет ел валюталары тізбесін кеңейту. Қазіргі уақытта тізімге 39 валюта кіреді, алайда оны 48-ге дейін арттыру жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Жобаға сәйкес, тізбеге тағы тоғыз валютаны қосу ұсынылып отыр. Олар: Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Катар, Моңғолия, Оман, Пәкістан және Румынияның.

Ұлттық банк бұл шешімнің соңғы бес жылдағы сыртқы сауда айналымына жасалған талдау, төлем валюталары туралы деректер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың сұраныстары негізінде қабылданғанын түсіндірді.

Құжат қабылданғаннан кейін теңгенің ресми бағамы халықаралық есеп айырысуларда қолданылатын валюталардың кеңірек тізіміне қатысты белгіленетін болады.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк Қазақстанда 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама