Қазақстан қор биржасы (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская 28 ақпандағы валюталық сауда-саттық қалай өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасы (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская 28 ақпандағы валюталық сауда-саттық қалай өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта доллардың сауда-саттығы аяқталды. Ол 30 минутқа созылды. Біздің биржада өткізілетін өзге шетел валюталарының сауда-саттығы штаттық режимде өтті. Қазір доллардан басқа, юань, евро және рубль қол жетімді. Қор нарығында бағалы қағаздар бойынша сауда-саттық штаттық режимде өткізілді. Олар регламент бойынша жабылады. Доллар сауда-саттығы бойынша Франкфурт аукционы режимі енгізілді. Аукцион барысында Биржаның әр мүшесі АҚШ долларын сатып алуға және сатуға өтініш бере алады, егер жағдай өзгерсе, өтінімдерді қайтарып ала алады. Осындай әдіспен өткізілетін сауда-саттық кездейсоқ сәтте жабылады және курс қарсы өтінімдердің ең көп көлемі қанағаттандырылатындай етіп тіркеледі", - деп хабарлады спикер.
KASE басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, сауда-саттықтың жалпы көлемі 159 миллион 500 мың долларды құрады. Бұл соңғы үш айдағы орташа күнделікті сауда-саттық көлемінің ең жоғары көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Орташа алынған бағам 495 теңге. Бұл долларды ең үлкен көлемде сатып алуға және сатуға өтінімдер берілген бағам. 25 ақпан күні кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленген бұрынғы бағаммен салыстырғанда доллар теңгеге шаққандағы бағамы 6,7 пайызға қымбаттады.
Наталья Хорошевская валюта нарығында истерия болмағанын айтты. Ол қазақстандықтарға кез келген қаржы құралдарымен эмоционалды транзакциялардан аулақ болуға кеңес берді. Нарықтағы бүгінгі сауда-саттықтың тетігі қатысушылардың эмоционалды транзакциялардан аулақ болуын және өтінімдерді беруі мен қабылдамауын қамтамасыз етуге бағытталған.
KASE өкілінің айтуынша, ертеңгі сауда-саттық схемасы кейінірек анықталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!