Қазақстанда вейпке тыйым салу: министр айыптауларға жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда вейпке тыйым салу: министр айыптауларға жауап берді Фото:elements.envato.com

Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұған дейін ведомство Қазақстанда вейпке тыйым салуды баяулатып отыр деп мәлімдеген қоғам белсенділерінің айыптауына қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұған дейін ведомство Қазақстанда вейпке тыйым салуды баяулатып отыр деп мәлімдеген қоғам белсенділерінің айыптауына қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлібек Қуантыров әрбір заң жобасы РӘТ– реттеушілік әсерді талдаудан өтуі керек екенін еске салды. Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің вейпке тыйым салу жөніндегі тиісті заң жобасы жарты жылдан бері РӘТ-ден өте алмай отыр, ол үшін ведомство барлық рәсімдерді дұрыс жүргізуі керек.

"Біз оларды бірнеше рет қайта қарауға қайтардық, өйткені РӘТ ережелері сақталмаған. Біз шағын және орта бизнесті де ойлауымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі бәрін дұрыс жасағанда, біз оған дайынбыз. Жеке мен вейпке тыйым салуды қолдаймын. Тек тыйым салу дұрыс емес. Бірақ, жалпы алғанда, біз оған дайынбыз", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети