07 қыркүйек 2022 | 11:26

Қазақстанда визаның жаңа түрлері енгізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда визалардың жаңа түрлері енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда визалардың жаңа түрлері енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралардың пакеті ұсынылды.

"Оларды іске асыру мақсатында Көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде республикада шетелдіктер үшін ерекше жағдайларды көздейтін бағалы дағдылар мен инвестициялық визалар үшін арнайы визалар енгізу көзделеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жаңа тұжырымдама шеңберінде Қазақстан үшін тапшы және жиі тартылатын кәсіптер бойынша 100 үздік шетелдік маманды тартудың тетігі көзделеді. Бұл кәсіби мамандардың міндеті білім трансфері және өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды даярлау", - делінен хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, оларға тұруға ықтиярхаты бар "Бағалы дағдыларға арналған виза" енгізіледі және қазақстандық кадрларды озық даярлау үшін үнемі жаңартылып отыратын бағалы дағдылар рейтингі (тапшы кәсіптер мен мамандықтар) қалыптастырылады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жаңа Тұжырымдама жобасында бизнес-иммиграция тәсілдері өзгертіледі.

"ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан экономикасына бір мезгілде 300 мың АҚШ долларын инвестициялаған шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық және іскерлік визалар алу шарттарын қайта қарау ұсынылады. "Инвестициялық виза" 10 жылдық тұруға рұқсат береді. Виза иесі бизнесті тіркеуге, мүлікке иелік етуге, қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік алады", - делінген хабарламада.

Бұл Қазақстанға жылына, әсіресе креативті индустрияны дамыту саласында 100-ге дейін бизнесмен-инвестор тартуды неғұрлым нақты мақсатқа айналдырады.

Бұдан басқа, білім беру иммиграциясын дамыту мақсатында Тұжырымдамада мыналар көзделеді:

  • шетелдік жетекші білім беру мекемелерін академиялық ұтқырлық бағдарламасына тарту және қос дипломды білім беру практикасын одан әрі дамыту арқылы елдік білім беру инфрақұрылымын кеңейту;
  • сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100 үздік оқытушыны және сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды тарту. Бұл ретте шетелдік ғалымдар мен оқытушылар үшін тұруға ықтиярхат, ал кейіннен Қазақстан азаматтығын алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді (10 жылға дейін) "Ғылыми-педагогикалық визалар" көзделеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети