13 ақпан 2014 | 21:38

Қазақстанда WhatsApp пен Viber бір сағатқа істен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Марат Абилов Фото: ©Марат Абилов

Қазақстанда бір сағат бойы техникалық ақауға байланысты жылдам хабарлама жіберуге арналған WhatsApp пен Viber сынды танымал ұялы байланыс қосымшылары жұмыс істемей жатыр деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 13 ақпан күні "Бұл жүйеде жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты, дәл осы қосымшылар жұмыс істемейді" деген "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Кcell ұялы байланыс операторының колл-орталығындағылар. Сонымен қатар олар техникалық ақаудың неден пайда болғанын, оны жөндеуге қанша уақыт кететіндігін нақты айта алмаған. Beeline компаниясы өкілдері де осындай негізде ақау барын растады. "Шындығында, құрал-жабдық кішігірім ақауға бой алдырып тұр. Қазір себебін анықтап жатырмыз, оны жөндеу үшін техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине, мұның барлығын қысқа мерзім ішінде ретке келтіруге біз мүдделіміз" дейді ақпарат агенттігіне "Beeline Қазақстанның" корпоративтік коммуникациялар бойынша директоры Алексей Бендзь. Дәл қазіргі уақытта компаниялар WhatsApp қосымшасының жұмысын қалыпқа келтірді, алайда SMS-сервис әлі жұмыс істемей тұр. Сол секілді Теле 2 ұялы байланыс операторының осындай қосымшасы істен шыққан, бірақ SMS-сервисі қызмет көрсетіп жатыр. "Операторлардың бірде-бірінде WhatsApp және Viber жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұл ақау операторлар тарапынан болмаған, оған қосымшаның өзі кінәлі. Олардың жүйесінде қазір техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. SMS хабарламаны жіберуге қатысты ешқандай шектеу болған емес, болмайды да" деп хабарлады агенттікке Tele 2 Қазақстан колл-орталығындағылар. Twitter-де қазақстандықтар аталған қосымшаға қатысты шағымдарын білдірген. 17 миллионнан астам халқы бар Қазақстанда GSM ұялы байланыс стандарты бойынша үш оператор қызмет көрсетеді: Kcell ( TeliaSonera скандинавиялық телекоммуникациялық холдингі құрамына енеді), Beeline Қазақстан және Tele 2 Қазақстан.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети