Қазақстанда "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу жүріп жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу жүріп жатыр

Қазақстанда "Яндекс.Такси" тарифтеріне байланысты тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахметовтың айтуынша, бұл ұйым 17-20 пайыз көлемінде комиссия алады және динамикалық баға белгілейді. Әсіресе, жаңбыр, қар, мереке күндері тұтынушыларға қызмет түрі сұраныстың артуына байланысты айтарлықтай қымбатқа түседі.

Егер монополиялық жоғары бағалар анықталса, онда шаралар қабылданып, комиссия төмендетіледі.

"Жалпы, такси нарығын цифрландыру кез келген жағдайда нарықты монополиялауға алып келді. Өйткені мұнда маржиналдылық жоғары емес. Агрегаторлар қызмет көлемін ұлғайту арқылы ақша табады. Екінші жағынан, агрегатордың қызметіне сұраныс неғұрлым жоғары болса, оның бағасы соғұрлым жоғары болады. Тарифтердің өсуі осыған да байланысты. Дегенмен, бұл нарықта бәсекелестік бар. Сонымен қатар, "Яндекс. Такси", InDriver, басқа агрегаторлар және такси компаниялары бар. Мұнда барлығын клиент шешеді", - деп түсіндірді БҚДА басшысының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети