Синоптиктер алдағы күндері елімізде ыстық ауа райы сақталатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.
Синоптиктер алдағы күндері елімізде ыстық ауа райы сақталатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 10 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 метрге жететін жел тұрып, 41 градус қатты ыстық болады.
Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай тұрып, дауыл, бұршақ жауып және солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге жететін жел тұратыны айтылады.
Еске сала кетейік, осыған дейін еліміздің солтүстігінде күн суытатыны хабарланған еді. "Қазгидромет" өкілдерінің мәліметінше, 11 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр күтіледі.